• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қазан, 2023

Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының финалында күреседі

363 рет
көрсетілді

Ханчжоудағы (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан сынға түскен Нұржан Батырбеков финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біздің балуан Азия ойындарының алтын медалі үшін Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысы Әл-Сувайдиге  қарсы белдеседі. Нұржан жартылай финалда әлем  чемпионатының күміс жүлдегері  кәріс балуаны Чо Сон Хенді  ұтты. Іріктеу кезеңінде  Сауд Арабиясының балуаны Осама Кандильді, Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты айқын жеңді.