• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қыркүйек, 2023

Қазақстан семсерлесушілері - Азиаданың күміс жүлдегері

280 рет
көрсетілді

Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимовтардан құралған Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz. 

Финалда біздің спортшылар Жапония командасына есе жіберді.

Айта кетсек, бұл күміс жүлде - Азия ойындарында Қазақстан командасының семсерлесуден үшінші медалі.

Кеше спортшыларымыз командалық жарыста қола жүлде еншілеген, ал Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші орынды жеңіп алған еді.