• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2023

Қарағандыдағы ЖЭО апатына байланысты облыс әкімі түсініктеме берді

183 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысының әкімі жылу электр орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қарағандыдағы ЖЭО-3-те болған апат салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды.

«Бүгін таңертең Қарағанды ​​қаласындағы ЖЭО-3 станциясында және Топар ГРЭС-2-де апатты жағдай орын алды. Қазір Топар ГРЭС-і жүктемені арттырып жатыр. Менің тапсырмам бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин оқиғаның мән-жайын анықтау үшін станцияға барды. Қазір «KEGOC» АҚ-пен, станциялармен бірлесіп, жүктемені арттырып, қысқа мерзімде өңіріміздегі тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр», деді әкім.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаған болатын.