• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Елордалық спортшылар финалға шықты

213 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық гимнастикадан Астана қаласының спортшылары Аида Бауыржанова мен Әмина Халимарден көпсайыстың шешуші сынына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналық Аида Бауыржанова іріктеу кезеңінде 48.665 ұпай алса, Әмина Халимарден 44.499 ұпай олжалап, XIX жазғы Азия ойындарының финалына шықты.

Қытайдағы құрлықтық доданың әйелдер арасындағы көпсайыстың шешуші кезеңі 27 қыркүйек күні өтеді.