• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қыркүйек, 2023

Елордада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды

263 рет
көрсетілді

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен тұрғын үй компанияларының басшылығы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бас прокуратураның мәліметінше, қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.

«Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушы 2022 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтауға тиіс құрылысты уақытында бітірмеген. Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аталған іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.