Қазақстан теннисшісі Тимофей Скатов (123 ATP) бүгін Дэвис кубогы турнирі аясында Димитар Кузмановпен (179 ATP) ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екі сағат 46 минутқа созылған кездесу Софиядағы (Болгария) Ұлттық теннис орталығының сазды кортында өтті. Тимофей Скатов үш сетте Кузматовты жеңді. Ойынның жалпы есебі 3:6, 6:4, 6:3 болды.
Айта кетейік, келесі жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үстел теннисі тарихында алғаш рет Алматыда ең үздік шағын ракетка шеберлерінің қатысуымен Азия чемпионаты өтеді.