• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Сайлау 14 Қыркүйек, 2023

Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні бекітілді

387 рет
көрсетілді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні белгіленгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нұрлан Әбдіров аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы еліміздің пилоттық өңірлерінде өтетінін қоса айтты.

«Елдің пилоттық өңірлеріндегі аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2023 жылғы 5 қарашада өтеді. Сайлау үш қала мен 42 ауданда өтеді», деп нақтылады ОСК төрағасы.