• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда «Камызяки» тобының концерті өтпейтін болды

247 рет
көрсетілді

Ресейдің «Камызяки» тобының Қазақстандағы концерті өтпейтін болды. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жақында «Камызяки» тобының Донбасстағы концертте соғысты қолдап ән шырқағаны желіде кең тарады. Бұдан соң Қазақстанда ресейлік әзілкештердің концерт өткізуіне тыйым салуды талап еткендер көбейді. 

«Концерт ұйымдастырушылары қоғамда резонанс тудырған мәселеге қатысты «Камызяки» тобының Қазақстанда өтетін концерттерін өткізбеу туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Vi Project агенттігі Instagram парақшасында.

Ұйымдастырушылар билеттерді қайтару үшін сатып алған операторларға хабарласуды ұсынды.