• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Білім 11 Қыркүйек, 2023

Түркияда 8 200 қазақ студенті оқиды

197 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия университеттері Қазақстанда филиалдарын ашуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен брифингте мәлімдеді.

«Қазақстанда жетекші түрік университеттерінің филиалдарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Түркияның жоғары оқу орындарымен қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша тиімді ынтымақтастық жүргізіледі. Соңғы үш жылда Түркияда білім алатын қазақ студенттерінің саны 2900-ден 8200-ге дейін өсті», деді министр брифинг барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапармен келгенін хабарлаған едік. Бұл оның Қазақстан Республикасына алғашқы сапары болды.