• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қыркүйек, 2023

Қырғызстанда жер сілкінді

220 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі 11 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 07:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV Магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 9 қыркүйекке қараған түні Марокконың Марракеш қаласында күші 7 балдық жер сілкінісі болды. Мароккодағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты.