• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қыркүйек, 2023

Шахматшы қыздар ширек финалға шықты

252 рет
көрсетілді

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан ФИДЕ-нің ІХ  әлем чемпионатында «А» тобында сынға түсіп жатқан аруларымыз енді Франция, Грузия, Украина шахматшыларымен тартысатынын жазған едік.

Ұлттық құрама Францияны және Украинаны жеңді. Топтық кезеңдегі шешуші турда Қазақстан Грузиямен сынға түседі.

Айта кетейік, топта жақсы нәтиже көрсеткен төрт шахматшы плей-офф сатысына жолдама алады. Бұл кезеңде тақтадағы ұпайлар тай-брейкке дейін сарапқа салынса, нокаут кезеңінде яғни плей-офта оның орнын блиц-матч басады. Әр ойынға 45 минут, ал әр жүріске 10 секунд беріледі.