• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Қыркүйек, 2023

Астанада тағы бір көше бөлігі жөндеуге жабылады

148 рет
көрсетілді

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 8 қыркүйегі сағат 18:00-ден 9 қыркүйекке дейін Түркістан көшесінің Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.