• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Табиғат 04 Қыркүйек, 2023

Бурабайда сілеусін фототұзаққа ілінді

181 рет
көрсетілді

«Бурабай» орман шаруашылығының инспекторы Әділхан Шәймерденов сілеусінді кезіктіргені жайлы хабарлады. Ол мысықтұқымды жануарды смартфонының камерасына да түсіріп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
«Кешке жұмыстан қайтып келе жатыр едім. Терісінің түсі топырақ пен өсімдіктермен астасып, көзге әрең көрінсе де, байқап қалғаныма өзім де таңғалдым. Камерамды әрең қосып үлгердім. Сілеусін 1-2 секундта жалт бұрылып, қалың ағаштың ішіне қарғып кіріп кетті. Бұл үлкен мысық өте жылдам екен», деп әсерін бөлісті орманшы.

Сілеусін - өте сирек кездесетін, аса сақ, түнде ғана жортатын аң. Қазақ халқы үшін сілеусін ерекше құрметтейтін аңдардың бірі саналады.