• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Тамыз, 2023

Бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды

300 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-анаға 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленген.