• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2023

«Қазақстан» кенішіндегі апат: бір адамның мәйіті табылды

Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» шахтасынан кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Еске сала кетсек, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тау-кен өндіру дирекциясының «Казахстанская» шахтасында D6 көмір баурайында конвейер лентасы өртенді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, тағы 5 адам жер астында қалды. Қазір оларды құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар