• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Тамыз, 2023

Ақмола облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты

977 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.