• RUB:
    5.26
  • USD:
    457.98
  • EUR:
    490.86
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Тамыз, 2023

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

279 рет
көрсетілді

Бразилияда әлем бойынша ең қарт адам ретінде танылған Сеу Жозе Паулино Гомес қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

G1 порталының жазуынша, 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген ер адам 28 шілдеде Минас-Жерайс штатындағы Педра Бонита қаласында 127 жасында қайтыс болды.

Сеу Жозе Паулино Гомес ғұмыр бойы мал шаруашылығымен айналысқан, атқа мінуді ұнатқан. Кәрілік кезеңінде ағзаның табиғи түрде әлсіреуіне  байланысты ол атқа мінуді төрт жыл бұрын ғана тастаған екен.

Енді әлемдегі ең қарт адам - 116 жастағы Мария Бранас Морера есімді испаниялық.