• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Дін 26 Шілде, 2023

Павлодар облысында діндар әйелдер арасында семинар өткізілді

131 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 10-14 шілде аралығында Павлодар облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдыналуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде діндар әйелдер арасында бірқатар кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Қожахметова Т.З., Солтан Р., Абитова А.Р., Беркімбаева И.Қ., Камарова Р.И. тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Павлодар, Екібастұз, Баянауыл, Ақсу  қалалары мен Железин ауылдарында мешіт жамағатымен, жұмыспен қамту орталықтары мен орталық базарларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас әйелдермен, ауылдың әйелдер қауымымен, медицина және білім саласының әйелдер қауымы мен студент қыздарымен т.б. семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.