• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 24 Шілде, 2023

Ақтауда сапбордшы балалар құтқарылды

Ақтауда теңіз ағыны алып кеткен сапбордшы екі бала құтқарылды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, 22 шілдеде 20:50-де 112 нөміріне қоңырау түсіп, ТЖД-ның қайықтағы қызметкерлері балаларды құтқаруға аттанған.

16,17 жастағы екі баланы теңіз ағыны жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа дейін алып кеткен. Аман-есен құтқарылған екі балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Сервинг тақтасына ұқсайтын сапборд - жүзуге арналған ескегі бар тақта.

Соңғы жаңалықтар