• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Шілде, 2023

Доллар қымбаттады

187 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 - 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр. 21 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,90 теңгеге қымбаттап, 444,88 теңге болған.

Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,92 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылып жатыр.