• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2023

Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

234 рет
көрсетілді

Бүгінде Шымкент қаласында 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей, жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan ұлттық арнасына  сілтеме жасап.

Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігіп жатыр. Полиция департаментінің жедел басқару орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтайды. 

Сонымен қатар «Сергек», «Интегра» және «Қорғау» жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңнан астамы өткен жылғы салығын төлемеген.

«Салық төлеушілерге берешегі бар екендігі туралы хабарлама жолданған. Олар заңға сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындамаса салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса салық бұйрығы жеке сот орындаушыларға жолданады. Ары қарай салық мәжбүрлеп өндіріледі», деді Аббасхан Сейдахметов, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.