• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Президент 19 Шілде, 2023

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту өте маңызды - Президент

304 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммиті барысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Араб елдеріне ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін айтты. Президенттің айтуынша, Қазақстан – әлемде бидай мен ұн өндіретін ең ірі он мемлекеттің бірі.«Араб әріптестеріміздің «органик» және «халал» өнімдерін өндіру, өңдеу және сертификаттау тәжірибесі мен мүмкіндігі мол. Сондықтан оларға сұраныс жоғары. Осы орайда стандарттарды, техникалық реттеу және сертификаттау жүйесін үйлестіру маңызды.Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін пайдаланып, бұл міндеттерді тиімді іске асыра аламыз», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қатар басшылығына шынайы ризашылығын білдірді.

«Ұйымның қазіргі Төрағасы ретінде белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны үшін Қатар басшылығына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ оның қызметін жандандыруға Сауд Арабиясының зор үлес қосқанын айрықша атап өткім келеді.

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту өте маңызды. Осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесу тетігін құруды ұсынамын», деп ойын түйіндеді.