• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2023

Талдықорғанда әкімдік қызметкері өзіне қол жұмсады

497 рет
көрсетілді

Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы белгісіз себептермен өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаровтың айтуынша, марқұм Әбілқайыр Оралов Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

Экс-шенеуніктің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Жетісу облысының полиция департаменті түсініктеме беруден бас тартты.

Әбілқайыр Оралов 55 жаста еді. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Әріптестерінің айтуынша, жұмыста оған қатысты ешқандай дау-дамай, келіспеу болмаған.