• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Есірткі 12 Шілде, 2023

Таразда есірткі өндіретін зертхана анықталды

191 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таразда есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 61 жастағы Ресей азаматының тұрғылықты жері бойынша тінту шараларын жүргізді.

Тексеру барысында үй бақшасында тұрған көлік дөңгелегінен 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтады. Онда 2 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды.

Арнайы операция барысында жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдігінің 6 бұтасы, жалпы салмағы 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

«Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы бап екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады», деді облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.