• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Экология 12 Шілде, 2023

Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

169 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 6 шілдеде Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәрсенбіде Павлодар, Астана, Алматы қалаларында, түнде Атырау мен Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.