Бүгін сағат 12:35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жанып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аттанды.
Жалын шарпыған аудандарда бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.
Өрт 15:18-де оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.
«Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта жалынмен 30 адам күресіп жатыр», деп хабарлады министрлік өкілдері.