• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Экология 08 Шілде, 2023

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

210 рет
көрсетілді

8 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 8 шілде, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Атырау және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.