• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2023

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты

232 рет
көрсетілді

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 6 шілде сағат 23:08-де болған. Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде 3 шаршы метр алаңда қоқыс пен ескі заттар жанып, үйді улы қою түтін басқан.

- Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, түтінді сорып шығарды, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.