• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Шілде, 2023

Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

392 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен Астананың 25 жылдығына орай қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлы Даланың батырларын насихаттау, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Турнир орталық саябақтың автотұрағында өтеді. 

Іс-шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00-де өтеді.