• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Президент 30 Маусым, 2023

Президентке көліктерді тиімді заңдастыру мақсатында әзірленген жоба таныстырылды

281 рет
көрсетілді

Президентке «Автокөлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жерден материалдарды сақтандыру компанияларына беру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктер заңдастырылып жатыр. Осыған орай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті оңтайландыру үшін өтінім қабылдауға арналған онлайн-сервис әзірленді.  Көлік құралына тексеріс түгелдей автоматты режимде жүргізіледі.  

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен және «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бірлесіп, жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды төлем жасау үшін сақтандыру компанияларына онлайн беру жобасын жүзеге асырды.