Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.