• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Бокс 25 Маусым, 2023

Ұйымды мойындаудан бас тартты

242 рет
көрсетілді

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауым­дастығын (IBA) мойындаудан бас тартып, бокс бәсекелерін ұйымдастыруға шектеу қойды.

22 маусым күні Швейцарияда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің кезек­тен тыс сессиясында IBA-ны ХОК құра­мында қалдыру немесе қалдырмау мәселесі қаралды. Дауыс беру нәтижесі бойынша ұйымның 69 мүшесі IBA-ны мойындаудан бас тартып, қарсы дауыс берсе, біреуі IBA-ны ХОК құрамында қалдыру керек деген ұстанымын білдірген. Қалған 10 сайлау­шы қалыс қалды.

Осылайша, ХОК IBA-ны 2024 жылғы Париж және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпия ойындарына бокс турнирлерін ұйымдастыру құқығынан айырды. Халықаралық бокс қауымдастығының міндетін әзірге ХОК атқарады.