• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Маусым, 2023

Астанада тағы бірнеше көше жөндеу жұмыстарына жабылады

258 рет
көрсетілді

Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 2023 жылдың 21-22 маусым күндері Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ 22 маусым күні сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп хабарлады әкімдік өкілдері.