• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Маусым, 2023

Елордада тағы бір көше жөндеуге жабылды

185 рет
көрсетілді

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кенесары көшесінен бастап А.Иманова көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Уәлиханов көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 21-26 маусым күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп хабарлады елорда әкімдігі.