• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Есірткі 17 Маусым, 2023

Талдықорғанда есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

224 рет
көрсетілді

Талдықорғанда есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz POLISIA.KZ Telegram арнасына сілтеме жасап.

Күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде ұсталды.

«Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді. Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша табылды», деді Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.

Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.