• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2023

Өскеменде үш жасар бала терезеден құлап кетті

247 рет
көрсетілді

Өскеменде үш жасар бала «Riviera Residence» тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үш жасар бала тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», делінген Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, 30 мамыр күні Павлодарда төрт жасар бала оныншы қабаттың терезесінен құлап, аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр.