Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың келешегі шынымен де кең. Өткен жылдың соңында еуропалық инвестиция ағыны 23%-ға өсіп, 12,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«30 жыл ішінде Қазақстанға тартылған 350 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестицияның жартысына жуығы Еуропадан шыққан. Еуропалық Одақ - Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, оның үлесіне біздің сыртқы сауданың 40%-дан астамы тиесілі», деді Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Кеңес басшыларының екінші кездесуінде.
Президенттің айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы өзара сауда көлемі 40 миллиард долларды құрады.
«Мен бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 50 миллиард долларға жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін», деді ел Президенті.