• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2023

Өскеменде өзен жағасынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

261 рет
көрсетілді

Өскемендегі аудандардың бірінде Үлбі өзенінің жағасынан өтіп бара жатқандар жас жігіттің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама полицияға 31 мамыр күні түскен.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Оның жанынан арқан мен жеке заттар табылды.

Полицейлер мәйіттің табылғанын растады. Сондай-ақ департаменттің баспасөз қызметі бірқатар сараптама тағайындалғанын хабарлады.