• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Мамыр, 2023

Доллар бағамы өсті

291 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 2,57 теңгеге көтеріліп, 447,08 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 444,45 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,10 теңгеден сатып алынып, 448,16 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,39 теңге, сату – 447,60 теңге.