• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2023

Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?

215 рет
көрсетілді

Баласына жөнді қарамай, оның өміріне зиян келтіретін азаматтар сот шешімі бойынша ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ата-аналар келесі жағдайларда ата-ана құқықтарынан айырылады:

Ата-анасының міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса; Өз баласын перзентханадан, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алуға дәлелді себептерсіз бас тартса; Өз ата-аналық құқықтарын пайдаланып, қасақана қиянат жасаса; Балаға қатал қараса, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асырса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасаса; Спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын және психотроптық заттарды ірі мөлшерде қабылдаса.