• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Мамыр, 2023

Талдықорғанда білім саласындағы жемқорлықтан соң облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті

1268 рет
көрсетілді

Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Ақпаратты растаймыз. Айжан Адамбекова өз еркімен жұмыстан кетті», деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айжан Маманқызы облыстық білім басқармасының басшысы болып 2022 жылдың 18 тамызында тағайындалған. 

Айта кетейік, Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге парамен ұсталған болатын.

Бұған дейін прокуратура талдықорғандық есепшілердің ұсталғанын растады.