• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Мамыр, 2023

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 5 адамға сот үкімі шықты

308 рет
көрсетілді

Алматыда Президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасады деген күдікке ілінген 5 азамат оқиға кезінде қайтыс болған. Сот бүгін олардың ісін қарап үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысты іс Бостандық ауданының №2 сотында қаралды.

«Сотталушылардың кінәсі алынған бейнежазбалармен, куәгерлер мен туыстарының тану туралы хаттамасымен, жүргізілген сот-медициналық сараптама және ұялы телефондардың орналасқан жері туралы мәліметтер арқылы дәлелденді. Олар Алматы қаласы әкімдігіне және Президент резиденциясына шабуыл жасаған кезде күзет қызметі атыс қаруын қолданғаны расталды. Бесеуі де сол атыс кезінде көз жұмды», деп хабарлады қалалық сот.

Сот өкілдері сотталушылар кінәлі деп танылып, Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын айтты.