• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2023

Жамбыл облысында шекарашылар Пәкістанның төрт азаматын ұстады

315 рет
көрсетілді

Меркі ауылының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілерге қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы қолданылды.