• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 02 Мамыр, 2023

Атақты шахматшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа не сыйлады?

363 рет
көрсетілді

Атақты шахматшылар Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь, сондай-ақ ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық табыс етті. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.  

Олар Мемлекет басшысына шахмат сыйлады.

Бүгін, 2 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салған Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичпен кездесті.

Айта кетейік, 30 сәуірде қытайлық шахматшы Дин Лижэнь тай-брейкте ресейлік Ян Непомнящийді жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.