• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Экология 29 Сәуір, 2023

Қазақстан дипломаттары жыл сайынғы экологиялық айлыққа қатысты

286 рет
көрсетілді

«Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен қызметкерлері елордалық Ботаникалық бақтың аумағындағы жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпықалалық сенбілікке сыртқы саяси ведомствосының 130-дан астам қызметкері қатысты», делінген Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында  жалпықалалық сенбілік өтті. Қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинады. Сондай-ақ су айдындары маңын тазартты.