• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2023

Павлодарда жол апатынан екі жүкті әйел зардап шекті

256 рет
көрсетілді

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, апат жайлы қоңырау 27 сәуір күні сағат 09:56-да түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті. Бірінші қалалық ауруханаға 36 жастағы ер адам мен 33 және 25 жастағы екі әйел адам жеткізілді. Тағы екі адам, 36 жастағы әйел мен бес жасар баланы ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 33 жастағы әйел жүктіліктің 16-шы аптасында, ал 25 жастағы әйел сегізінші аптасында болған. Біріншісіне төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің жарақаты, екіншісіне үстіңгі еріннің жарақаты диагнозы қойылды. Екеуі де амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді.

Дәрігерлер ер адамның басының жұмсақ тіндерінің контузиясын анықтады. Ол да үйде емделеді.