• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Сәуір, 2023

Франция президентіне белгісіз біреу жұмыртқа лақтырды

270 рет
көрсетілді

Франция президенті Эммануэль Макрон тұрғындармен кездесу кезінде зейнетақы реформасына қатысты наразылыққа тап болды. Белгісіз біреу мемлекет басшысына тауық жұмыртқасын лақтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келеңсіз жағдай Францияның Эльзас қаласында орын алған. Күзетшілер президентті жабуға тырысқан, алайда жұмыртқа француз көшбасшысының маңдайына дәл тиген.

Айта кетейік Макрон мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында Макрон көрмені аралап бара жатқанда оған жұмыртқа лақтырған. Ол президенттің иығына тиген еді. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірген болатын.