• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2023

Павлодарда Ертіс өзеніне түсіп кеткен еліктің лағы құтқарылды

488 рет
көрсетілді

Құтқарушылар өзенді кесіп арғы бетке өтпек болған елікті құтқарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар тұрғындарының айтуынша, елік қала көшелерінің бірінде жүрген. Көшедегі қаңғыбас иттер еліктің лағын таламақ болып, артынан қуған. Иттерден қашып құтылу үшін Ертіс өзенін кесіп, арғы бетке шықпақ болған елік суға тұншығып өте алмай қалған. Өзеннің ортасында қалып қойған елікке құтқарушылар көмектесіп, жағаға алып шықты. Жануардың жағдайы тексеріліп, арнайы қорғаушылардың қолына таспсырылды.

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері Сібір еліктерінің саны күрт көбейген.