• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Сәуір, 2023

Оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен ақтөбелік ұсталды

10223 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында ВАЗ-2114 автокөлігі жасөспірім баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші бағдаршамда қызыл жанып тұрғанына қарамастан өтіп кеткен. Нәтижесінде ол кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО болған жерден қашып кетті.

17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Кейін көлік жүргізушісі де анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты. ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.