• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Білім 15 Сәуір, 2023

Ұлытауда халықаралық мемлекеттік техникалық университет ашылады

500 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте Үкімет басшысы өңірдегі маңызды мәселелерге тоқталды.Соның ішінде Премьер-Министр өңірде халықаралық мемлекеттік техникалық университет ашуды тапсырды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру және Жезқазған мен Шымкент арасында әуе қатынасын ұйымдастыру мәселелерін пысықтау қажеттігін атап өтті.